Асқар Сүлейменовті еске алу – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Асқар Сүлейменовті еске алу» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Тағы да келдi,
Сызғанның керiм көктемi,
Саураннан берi Шорнақта туған тектi едi.
Парықсыздыққа қарсылық едi-ау бiлгенге,
Асекеңдердiң жалғанға келiп кеткенi.
Ширалған ойлар шиыршық атқан бесiнде,
Шырмаған едi-ау Бабайқорғанның кешiнде.
Алматы жақта жанына ерiп жүрдiм мен,
Ешкiмге оның ұқсамайтыны есiмде.
Көңiлiм бүгiн қарашадағы мұңлы аспан,
Сол көктем жайлы жаза алмай жүрмiн
бiр дастан.
Асығыс соққан дөңгелегiндей поездың,
Зырлады уақыт орнында бiр сәт тұрмастан.
Шорнақта туып,
далада өскен ұлы адам,
Оңашаларда отырып жалғыз жылаған.
Жердiң бетiне елшiдей келiп,
Алладан,
Қазақ пен Созақ тiлегi жалғыз сұраған.
Тағы да келдi,
Баба ата жақтың көктемi,
Түркiстандағы Шорнақта туған тектi едi.
Парықсыздыққа қарсылық едi-ау бiлгенге,
Сүлейменовтiң өмiрге келiп кеткенi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асқар Сүлейменовті еске алу өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Асқар Сүлейменовті еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асқар Сүлейменовті еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асқар Сүлейменовті еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері