Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп» атты Қасымхан Бегманов жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 987
Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп,
Терең түсінген мұң-зарын ұлы даланың.
Кейінгі ұрпақ өзіңмен ғұмыр кешкім кеп,
Бүгінгі күннен алшақтап кетіп барамын.
Бүгінгі күнде ... той қуған қазақ топталып,
Ой қуған мені түрткілеп түртті, қарағым.
Тағы бір ерлік жасағым келіп оқталып,
Есімді бірақ жия алмай тартып барамын.
Туған соң адам бейітке қарай беттейді,
Арттағы ғұмыр көкейден бір сәт кетпейді.
Байлық, мансапты арқалап ешкім кетпейді,
Алласыз сенің төбеңнен құс та өтпейді.
Сағындым, қалқам, самалы аңқыған қыр таңын,
Жала жабылған шала тарихты жыртамын.
Құрта алмайды ешкім Ата Дәстүрің тұрғанда –
Ер қазағымның намысты, отты ұрпағын!
Тарихи мұра – аманаттары өлген жоқ,
Куә ғой оған тылсымды, түпсіз жер мен көк.
Сұрақтарым да бар еді тағы қоятын,
Ол жақтан әлі бір адам қайтып келген жоқ.
Ұлы далам-ай, қайран да, алтын бесігім,
Оттан да ыстық, айдан да аппақ есімің.
Туған сәтімде шырылдап, жылап ашқанмен,
Өлген кезімде жабатын мәңгі Есігім.
Екі дүниенің ортасындағы жауһарым,
Іздей беремін кеткенше әлім, қауқарым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата-бабамыз айтқан жоқ босқа "бес күн" деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері