Кел, жылым! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Кел, жылым!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1187
Кел, жылым, керуенімді басқартамын,
Жаңғыртып дәуірімнің асқар тауын.
Алдыңа қуаныштан шашу шашам,
Жаюлы менің миллиард – дастарқаным,
Қарттарға қоржыныңды ақтартамын,
Жастарға саған қызмет атқартамын.
Жыр болып көкейіме ұяла, сыр,
Жасайық тағы да той ұлан-асыр.
Кел, жылым, бақыттан тост көтерейік,
Алдыда арман атты мұнара тұр.
Бекіген бұғанасы бұла ғасыр,
Асырсаң биігіңнен бір-ақ асыр!
Жақсылық жарым жолға түнеген бе,
Құлағын қиырдағы түрер ел де.
Мызғымас менің алтын босағама
Ат басын жомарт жылым тірегенде,
Бауларым, байғазы бер тілегенге,
Тауларым, қол соғыңдар түрегел де.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері