Көкек қары – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көкек қары» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1266
Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.
Шынымен бұрқап тұрған қар ма мынау?
Табиғат, тағы да бір алдадың-ау!
Мезгілсіз, жарықтығым, несін жаудың,
Бәрібір орындалмас арманың-ау!..
Күні өтсе не нәрседе қадір қалмас,
Қара жер қазір саған орын болмас.
Керегі дүниенің сен емессің,
Қымсына ұсынғанмен қолыңды алмас.
Жаныма ыстық сезім тастадың да,
Лып етіп еріп кеттің қас қағымда.
Айналып күз келгенше сағындырып,
Жақсы еді-ау тоса тұрсаң аспаныңда...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек қары өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкек қары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек қары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкек қары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері