Ардакүрең – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ардакүрең» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 940
(Рымғали Нұрғалиға)

Әр сағаты ғұмырдың – кісіге сын,
Жайымызды айтпай-ақ түсінесің.
Көңіліміз кей уақыт күңгірт тартса,
Көңіліңнің сәулесін түсіресің.
Сарайына жаныңның ендік келіп,
Жүрегіңе жүректі бердік теліп.
Жүрдік, рас, ақылға зәру болып,
Жүрмегенмен тұрмыстан кемдік көріп.
Жатырқамай тарттың сен бауырыңа,
Өз жүгіңнің қарамай ауырына.
Үмітпен де күдікпен тұрдық қарап
Астыңдағы күліктің жауырына.
Ертіп алып, жөнелдің құйындатып,
Күреңіңді салдың да қиынға тік.
Кер далаға көсілтіп қоя бердің,
Біраз жерді алдың да шиырлатып.
Арпалысып жатқандай мың арыстан,
Артта қалды қалың шаң шұбап ұшқан.
...Қайғыға да кей кезде күл
е қарап,
Кейде жылап аламыз қуаныштан.
Жаздан кейін жабырқау күз келеді,
Алдыда әлі өмірдің мұз белеңі...
Табылар ма көңілдің іздегені,
Кездестірер келешек бізге нені?
Көз ұшында көкжиек мұнартады,
Жүйрік біткен жетсем деп құмартады.
Тасқа соққан тұяқтан от боратып
Ардакүрең алдыға шығар тағы.
Қарап тұрған қалың жұрт көлденеңнен
Қиқу салар,
Қосылып көк дөненмен.
Қаперге алмас сол сәтте біреуі де
Жабыларды жолда қап,
Шөлден өлген...
Жылдар қанша күдірге салғанымен,
Арынынан танар ма ардакүрең.
Ардакүрең – ағаның арманы ғой,
Жалғасатын адамның арманымен...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардакүрең өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ардакүрең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардакүрең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ардакүрең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері