Өткердік жастық көктемін

Бұл бетте «Өткердік жастық көктемін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Өткердік жастық көктемін,
Біз көрген қызық жетерлік.
Арудың жұтып от лебін,
Бокалды басқа көтердік.
Атойлап әрбір тараптан,
Думанға кірдік шалқыған.
Күшті боп шықты шараптан
Сұлудың демі шарпыған.
Өмірді соның жолына
Біржола құрбан етердей,
Өртене жұттық оны да,
Өрт болып жанып кетердей.
Тізгінді бердік желікке,
Жүректің сырын жасырмас.
Жастықтың әлде
Дедік пе
Қызуы мәңгі басылмас.
Жіберсе, шіркін, ерікке,
Уақытқа қандай бар талас?
Ғұмырдың әлде
Дедік пе
Базары мәңгі тарқамас.
Жұтардай болып көріндік
Найзағайдың да жарқылын.
Сезбестей, сірә, өмірлік
Жылдардың ызғар, салқынын.
Кеткенін күндер арынды
Кешеңдеу барып аңдадық.
Жұтсақ та отты, жалынды,
Өмірі бірақ қанбадық.
Сезімді судай шайқаған,
Оралып сол бір кездерге,
Лапылдар ма едік қайтадан,
Шоқ болып қара көздерде.
Күрсінбес кімдер түнімен,
Аңсатса жастық дәурені –
Сүзгендей судың түбінен
Жұлдыздан түскен сәулені...

1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткердік жастық көктемін өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өткердік жастық көктемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткердік жастық көктемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткердік жастық көктемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері