Сезім – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Сезім» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Өкініш деп қоя салған шын атын,
Қалауымды көзімнен-ақ ұғатын.
Гүр еткенде жасын сынды бір жарқыл,
Шатырының астына алып тығатын.
Керіспейтін сауықтардан кеш қалсам,
Қайдасың деп сұрамайтын ешқашан.
Жанарымнан жанымды оқып қоятын,
Сол адаммен енді қашан достасам?
Көйлек кидім, қос етегі бүрмелі,
Танысын деп топ ішінен бір мені.
Ол аңдамай өтіп кетті қасымнан,
Аңдағандар аямастан тілдеді.
Аңдағандар аямастай тілдеді,
Мендік сезім қаперіне кірмеді.
Жауынды күн жер сүйреген етегім,
Көк аспанның көз жасына кірледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері