Барқытбелдің бауыры­-ай! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Барқытбелдің бауыры­-ай!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Барқытбелдің бауыры­ай жырақтағы,
Жамыраған жарыса бұлақтары.
Табар едім оймақтай үйдің орнын,
Таптырмайды­ау бесігім бірақ­тағы.
Ғажап еді көктемде гүл атқаны,
Иранбақтың өзі еді жұмақтағы.
Ай астында жарқырап жатыр ма екен
Алтын астау секілді суаттары?
Балбыраған балауса құрақтары,
Көк шалғыны, шұрайлы шұраттары.
Керген кілем секілді көрікті еді,
Күнгей беті құлпырған шуақтағы.
Самалдайтын сауырда құр аттары,
Салқындайтын бауырда лақтары.
Шаңқылдаса аспанда түз бүркіті,
Шалқаятын шалдардың тұмақтары.
Су сылдыры сағынтып құлақтағы,
Шөлдедім ғой қурайдай қыраттағы.
Күрпілдеген қайдасың қара саба,
Бал татыған қымызы, шұбаттары?
Жауабы жоқ өмірдің сұрақтары,
Бұғып жатқан қылыштай қынаптағы.
Уға айналып барады ойып түсер,
Көздің жасы – көңілдің сынаптары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барқытбелдің бауыры­-ай! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Барқытбелдің бауыры­-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барқытбелдің бауыры­-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барқытбелдің бауыры­-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері