Өлең, жыр, ақындар

Шайырлардың сомасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2919
«Баһадүр» деп білмеңіз-
Жиынды бұзған тентекті.
Кезеніп атар оқ емес,
«Қару» деп білме келтекті.
Жолдастыққа санама,
Жайбар ауыз көнтекті.
Арабы нардың белгісі-
Бұйдасын ірікпес, елпек-ті.
Жүгімен жүріп жүдетер,
Айыр өркеш көмпекті.
Фрғымақ аттың белгісі-
Салыңқы кеуде, еңкек-ті.
Талма тал түс болғанда-
Кигізер көзге телпекті.
Үмбетінен бідерсің,
Әйел менен еркекті.
Ата досқа санама,
Алды-артында болжал жоқ,
Жаңадан болған селтекті.
Шайырлардың сомасы-
Хикая, толғау, ертек-ті.
Халық ықыласын қайтарсам,
«Болам ба, -деймін, -нан тепті?»
Сөз тауарын білетін,
Ерлер басы келіпті,
Тербеліп жорғаң тер төкті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шайырлардың сомасы өлеңінің авторы кім?

Омар Шораяқов — осы өлеңнің авторы.

Шайырлардың сомасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шайырлардың сомасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Омар Шораяқов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шайырлардың сомасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері