Қызылоба

Бұл бетте «Қызылоба» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1088
Қызылоба. Тал, терек жасыл-жасыл
Судырайды-ау ақ жауын басылғасын.
Жылға суы жымысқы, жылжып аққан,
екеумізді тал түсте бір жылатқан.
Қызылоба. Тал, терек ыбыр-сыбыр,
жел тұрғанда сен-дағы ыңырсыдың.
Тал иілген — ақ басын ол да игесін...
сабақтатар кім маған енді инесін.
Қызылоба. Тал, терек судырайды,
судырайды, жылғада су жылайды.
Маңай жасыл, жапырақ ызың-ғызың,
тек қабірдің топырағы қызыл-қызыл.
Қызылоба. Қарайды ел қабірді асып,
шаруа айтады қайбірі дабырласып.
Жетім адам мен енді — белгілі адам,
"қарағымды" кім айтар енді маған.
Жасыл-жасыл шөп кірпік қыбырлатты,
қызыл-қызыл топырақ дүбір қақты.
Титтей дене қабірге түсіп кетті...
қысып кетті-ау жүрегім, қысып кетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылоба өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қызылоба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылоба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылоба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері