Бір сәт – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бір сәт» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1181
Жұлдыздары жымың-жымың күліп түн
жібек нұрын шашып тұрды үміттің.
Қашан еді, қай түп еді? —
Ұмыттым.
Зеңгір көктен қарағанда жылып күн
біреу — маған, мен біреуге күліппін.
Шын күлкі ме, кекесін бе еді? —
Ұмыттым.
Ей, ағайын, қартай, қайғыр, үміт қыл,
үміт — тәтті, жұта-жұта құнықтым.
Құнықтым ба, ашықтым ба?
ұмыттым.
Әйтеуір бар тірі жүрек менде осы,
үміт, тілек биігірек менде осы —
ештеңені ұмытпаппын ендеше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сәт өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Бір сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері