Жол – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жол» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1259
1
— Қайда тарттың, қара жол,
алдау ма әлі бас қайғың?
— Сүйе білген жүректі
суынуға бастаймын.
— Өртеп үміт, қайғы ішті,
талас құрам десеңші,
тағы да бір байғұсты
адастырам десеңші!
— Адал мақсұт мендегі,
түсінігің неге ескі?
Сенен өңге пендені
адастырған емеспін.
— Жөнел онда, қара жол,
мен де сенен түңілгем.
— Ескілікті жаңамен
Жалғамақ ем бүгін мен.

2
— Баста, ақ жол, ал бізді,
көтерейік еңсені.
— Күйеу алған сол қызды,
сүймейді әрі ол сені.
— Досыңа апар онда әлгі,
сырласайын бір түн мен.
— Досыңа бақ қонған-ды,
шошып жүрер күлкіңнен?
— Шарапқа өзім сенбеймін,
ал, әсері — әдемі.
— Оның жөні келмейді.
тағы кімің бар еді?
— Қарауытып жолығар,
құрсын қолды қысқаны —
ақылы бар, жөні бар,
бірақ ол бір дұшпаным.
Мысқылы ащы, көңілді,
тәңір соққан бір бет қып. —
Жаңа таптың жөніңді,
ал, бастадым, жүр, кеттік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Жол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері