Қайғымды қалыңдаттың – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайғымды қалыңдаттың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Қайғымды қалыңдаттың неге менің,
Қасымда ұшып­-қонған көбелегім?
Жаныңа керегіңді қайдан табам,
Білмеймін өзіме де не керегін.
Құйылып өзегіме жалын көптен,
Күйім бар күйіп­-жанып, қаным кепкен.
Өксиді жараланған жыр жүрегі,
Бір тамшы ем таба алмай қалың көптен.
Қиянат – қиып түссе жыр қанатын,
Төбеме төңкерілер бір қара түн.
Сондайда көңілді өзің жұбатпасаң,
Шығармын шынында да жынданатын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғымды қалыңдаттың өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайғымды қалыңдаттың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғымды қалыңдаттың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайғымды қалыңдаттың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері