Қайғының түбі – қара су – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайғының түбі – қара су» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 719
(Бейбіт Құсанбеков інім 40 жасқа толғанда шыққан өлең болатын. Өкінішке қарай, ол ойда жоқта дүние салды да, бұл өлең жарияланбай қалған еді. «Келіннің қойнын жылытсаң да, қара жер қойнын жылытпа» деппін, неге екенін білмеймін. Кім білсін, дүние жұмбақ қой...)

Бауырым, келдің қырыққа,
Көнбейді уақыт құрыққа.
Көңілдің құсын шарықтат,
Көзіңнің алды тұнықта.
Тастағы қына қып­-қызыл,
Кеберін қаңсып ұмытпа.
Иірілген ұршық жыланды
Іргеңе жақын жуытпа.
Ұлт үшін туған үмітсің,
Кілтсің ауыр құлыпқа.
Мұнартып мұңға батасың,
Мөңіреп тері тұлыпқа.
Үңіліп босқа қайтесің,
Үрейлі шыңырау құдыққа.
Қайғының түбі – қара су,
Шөліркеп әсте құнықпа.
Сарғайса ердің санасы,
Жұбанбас жүрек жуықта.
Табылмас жанның дауасы,
Табылар сылтау сыныққа.
Тоғайдың талы қиылар,
Сырғауыл сынса сырыққа.
Мәуелеп мақсат, мұратың,
Ұлассын ұрпақ-ұрыққа.
Имандай ұйып өсіп ең,
Атадан қалған ғұрыпқа.
Исең де басты үлкенге,
Бүкпедің тізе ұлыққа.
Қасқайып, інім, тарта бер,
Ұрынбай ызғар, суыққа.
Табаның тисін майсаға,
Жамандық жұқпай жұлыққа.
Жайлауы жүздің биікте,
Бүркеген басын бұлтқа.
Жетерсің жылжып оған да,
Көлігің жүрсе ырыққа.
Тоқтамай көшсең арыға,
Итіңді жұртта ұлытпа.
Келіннің қойнын жылытсаң да,
Қара жер қойнын жылытпа!..

17.08.2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғының түбі – қара су өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайғының түбі – қара су өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғының түбі – қара су өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайғының түбі – қара су өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері