Өз қолыңмен өрт салма

Бұл бетте «Өз қолыңмен өрт салма» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 989
Қаз қаңқылдар көлінде,
Құлан ойнар шөлінде.
Тарылмасын тынысың,
Қазағым, өз жеріңде.
Қысым түссе жаныңа,
Жарты құртты бөліп же.
Ала қойдың жүніндей,
Бірақ өзің бөлінбе!
Бас-аяғың бірікпей,
Бүтіндік жоқ еліңде.
Ит тұмсығы өтпейді
Ну орманға тегінде.
Бітік өскен бұта да
Жел жібермес көбінде.
Ортаң ойық көрінсе,
Жыртылғанды жама да,
Жарылғанды желімде!
Туған балаң бесікте,
Тумағаны беліңде.
Болашағы – аманат
Бәйбіше мен келінге.
Күңіренбесін десеңіз
Ата-бабаң көрінде,
Отбасыңа ие бол,
Отырғанда төріңде.
Өз қағыңнан жерінбе,
Өз қаныңа тебінбе!
Содан жақын жоқ саған,
Бұл жалғанның шебінде.
Өз қолыңмен өрт салма,
Өзің еккен егінге!
Алтын буы арбайды,
Дүние жолдас болмайды,
Оранасың небәрі
Екі шаршы кебінге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз қолыңмен өрт салма өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өз қолыңмен өрт салма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз қолыңмен өрт салма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз қолыңмен өрт салма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері