Күнгейге түскен қардай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Күнгейге түскен қардай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Алысты жүйрік көңіл арман етер,
Адымдап оған қайсы пенде жетер?
Қанаты қайырылғанша қайран үміт,
Құйындай жел көтерген дөңгелетер.
Таңдайың татпағанның бәрі таңсық,
Жүрегің жоқ нәрсеге шөлдеп өтер.
Жатса да асып­тасып сабасында,
Көктегі бұлттан тамшы көл дәметер.
Қызығын ұзартам деп қысқа өмірдің,
Әуреге тізгін бердім мен де бекер.
Күнгейге түскен қардай ғұмыр, шіркін,
Қызғанда күннің көзі демде кетер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнгейге түскен қардай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Күнгейге түскен қардай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнгейге түскен қардай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнгейге түскен қардай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері