Марғасқа – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Марғасқа» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2463
(Әбіш Кекілбаевқа)

Әлемнің оймен кезіп шартарабын,
Әрқашан ауыр жүкті арқаладың.
Өшірмей Әбіш атың намыс отын,
Жұртыңды жүрегіңмен қалқаладың.
Кем түспес парасат пен нарқың ханнан,
Айналдық ел сүйенген нар тұлғаңнан.
Келесің халқың үшін арпалысып,
Кемедей көк дауылда толқын жарған.
Сырыңды қалам қайтіп жасырғандай,
Жауың да жазғаныңа бас ұрғандай.
Қазақтың бақытының белгісі ғой,
Жарқырап саған біткен асыл маңдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марғасқа өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Марғасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марғасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марғасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері