Алтын тамыр – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Алтын тамыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1128
(Қойшығара Салғараұлына)

Қойшеке, жан сырыңды түсінемін,
Үңілдім жүрегіңнің ішіне мың.
Қараңды бірер апта көрмей қалсам,
Құлындай желідегі кісінедім.
Байқасам, секілдісің туған ағам,
Биікке алдымдағы ту қадаған.
Жолымнан абайсызда жаза бассам,
Атымның басын түзеп, туралаған.
Ағалар барда өзіңдей елді ойлаған,
Мен­-дағы тәуекелге бел байлағам.
Бірімін көп қазақтың қоныс теуіп,
Сарыарқа – көңіліңді кең жайлаған.
Адамсың құдай сүйіп мол жаратқан,
Қазына ұшан­теңіз сенде жатқан.
Қаншама ғасырларды шарлап қайттың,
Көлік қып қаламыңды жорғалатқан.
Ширығып сәттеріңде кейде ашынған,
Көшеді түйдек-түйдек ой басыңнан.
Қалпыңнан қарапайым айнымайсың,
Ұқсайсың шын жүйрікке бой жасырған.
Тапқаның таразыға тартылса бір,
Бөлекше тұрпатыңды халқың таныр.
Тарихтың тереңіне бойлап кеткен,
Сен де бір қасиетті алтын тамыр.
Тұрғанда толқын атып заман бүгін,
Тілеймін сол тамырдың амандығын.
Жарқырап жан дүниең кетеді екен,
Адамға түсіргенде адам нұрын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын тамыр өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтын тамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын тамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын тамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері