Ән­-дәурен – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ән­-дәурен» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1157
Қайдасың, балауса күн – балғын шағым,
Келтірген аққу-қаздай көлдің сәнін.
Ұшсам да қанат байлап көңіліме,
Бұл күнде жеткізбейтін болдың сағым.

Қайырмасы:
Бал дәурен,
Ән­-дәурен,
Сал-дәурен, сені аңсадым.

Дүние көкжиегі кең ашылған,
Талайды бұлдыратып бел асырған..
Бермейді жанға маза асау жүрек,
Кеудемде күндіз-түні аласұрған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән­-дәурен өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ән­-дәурен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән­-дәурен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән­-дәурен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері