Махаббат назы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Махаббат назы» атты Несіпбек Айтұлы жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1206
Аялағаным, саялағаным, бағалағаным бағыма,
Еркелей басып, құшағыңды ашып, жақындау келші жаныма.
Еркіңе көнбей, толқыған көлдей, шалқыған желдей, шіркін­-ай,
Өзіңе мәлім өмірдің әнін қозғашы, жаным, сағына.

Қайырмасы:
Сәттері қандай,
Тәтті еді балдай,
Әттең­ай, сол бір таңдар-ай!
Арман­ай!

Сенген ардағым, таңдап алғаным, қонған арманым қолыма,
Жанымның нұрын, көңілдің гүлін төсейін жүрер жолыңа.
Басыңда тұрмай, жығылған тудай, жүгірген судай, шіркін­ай,
Өткенше дәурен, ризамын, сәулем, қасымда сенің барыңа.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат назы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Махаббат назы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат назы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат назы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері