Маман-Тұрысбек

Бұл бетте «Маман-Тұрысбек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1146
Жетісуда бай өткен Маман деген,
Мектеп ашқан, алысып наданменен.
Байлық деген – білгенге қолдың кірі,
Адам күні – қашанда адамменен.
Маман­Тұрысбек малына мастанбаған,
Адамдықпен атағы аспандаған.
Дарақының қолына байлық тиіп,
Оңды­солды жалғанда шашқан жаман.
Дүние, шіркін, тайдырмас кімді жолдан,
Қайыры жоқ не пайда күллі малдан?
Маман­Тұрысбек армансыз, ағайындар,
Мәңгілікке артында үлгі қалған.
Алтын басып жатқандар жамбасына,
Жарқанаттай жабысқан жар басына.
Сараң байдың тұқымы толыр жүр ғой,
Маман байдың жұрнағы бар ма, сірә?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маман-Тұрысбек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Маман-Тұрысбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маман-Тұрысбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маман-Тұрысбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері