Жақсы сөз жақсы деген – Құтбай Дүрбаев

Бұл бетте «Жақсы сөз жақсы деген» атты Құтбай Дүрбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Жақсы сөз жанға жақсы жекіргеннен,
Көп сөйлеп мән шықпайды көпіргеннен.
Жалғаннан рас айтқан аз сөз артық,
Мақтанып, масаттанып лепіргеннен.
Әуелден ауызбірлік тату жақсы,
Бірікпей ынтымақсыз сөгілгеннен.
Халқыңың жақсы болсаң қамын ойла,
Өз басың оза алмайсың жетілгенмен.
Ісіңді әділ болсаң тура алып бар,
Пайда жоқ өтірік айтып өкінгеннен.
«Сақтықта қорлық болмас» деген сөз бар.
Жабылмас жаман ісің бекінгенмен.
Жағдайсыз болма тапсаң жақсы сөйле,
Қадірді бекер босқа кетіргенмен.
Әр іске сабыр, тағат, шыдам керек,
Құр шошып бекер-босқа секіргенмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы сөз жақсы деген өлеңінің авторы кім?

Құтбай Дүрбаев — осы өлеңнің авторы.

Жақсы сөз жақсы деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы сөз жақсы деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құтбай Дүрбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы сөз жақсы деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері