Қаныш пен Шоқан жалғасты – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қаныш пен Шоқан жалғасты» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1355
Ел абызы Едіге жайлы айтқанды
Шоқан жазып,
Орысша боп хатталды.
Ақылды орыс бір ноғайға аудартқан,
Қайта туған қазақшасы сақталды.
Жас кезінде алғыр Қаныш шүйіліп,
Шорқақ тілге шыдай алмай күйініп,
Жан бітіріп,
Жаңартты да тазартты,
Өз тілінде ел оқырдай сүйініп.
Дегендей­ақ енді адасып кетпесін,
Келістірді көне,
Жаңа дестесін.
Ел көксеген көне аңыз­дастанның
Қайта оралтты шықтай таза кестесін.
Елеуіштен өткізгендей ақтады,
Ұлы ұстазға ізет,
Құрмет сақтады.
«Тасырқаған мал тұяғы секілді»
Нобайы жоқ ноғайшылық жақпады.
Ахмет мырза «сандырақтап» кеткенін,
Осып өтті білдірмей­ақ өктем үн.
Қазақтардың қадірлеген кезі екен
Татар намай сөйлеудің де мектебін.
Шоқан, Қаныш жалғасып тұр осылай,
Қос дананың қиялы бір, көші бай.
Білем деме қазағымның тарихын,
Едіге жырын Қаныш жазған оқымай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаныш пен Шоқан жалғасты өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қаныш пен Шоқан жалғасты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаныш пен Шоқан жалғасты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаныш пен Шоқан жалғасты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері