Жанымда жүрші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жанымда жүрші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2016
  • 0
  • 2
  • 53089
Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екенді.
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін,
жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді...
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түсетін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір, осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.


Пікірлер (2)

Әлия

Керемет менің жанымды оқығандай өте әсерлі

Айсулу

Фариза анамыздын. осы өлең шумақтары қандай керемет Әйел мен еркектің арасындағы сезім. Екеуі бір тұтас осы жараткан Жерде бір бірін табу және соңгы сек дейің бір біріне ықыласпен өмір суру Ол нағыз бақыт Бул жерге біз бір бірімізді табуға келеміз. яғни Инь и Янь или махаббат Керемет. Фариза анамыздын жаткан жері жарық болсын.
Керемет бөлек жандар ғой❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымда жүрші өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жанымда жүрші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымда жүрші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымда жүрші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері