Өреніңе өнеге боп о баста-ақ
Бұл бетте «Өреніңе өнеге боп о баста-ақ» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өреніңе өнеге боп о баста-ақ,
Толқындарың көрмеген-ау, толастап.
Құлагердей құйрық атып құйғытқан,
Көк айдында көп толқының өр, асқақ.
Қашан көрсең қалпыңдасың көк теңбіл,
(Қашан көрсең лайланбас көл неткен бұл).
Біржан әні сияқты мың ырғақты,
Қуың қандай, суың балдай, мөп-мөлдір!
Мағжан, Сәкен самғаған сан аспаның,
Тереңіңдей толғап терең дастанын.
Соларға ұқсап, өзіңе ұқсап шалқыған,
Мен де өзімше толқын ата бастадым.
Сапарым бар сан асудан әрі аспақ,
Қатарым бар көкпар сында таласпақ.
Ендеше, Айнам, жыр жазайын өзіңдей,
Әрі мөлдір, әрі терең, әрі асқақ!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі