Құрдасқа

Бұл бетте «Құрдасқа» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Нұрғожа, қадірменді құрдасымсың,
Сыр шертсем ескі шерім бір басылсын.
Біз туған отыз екінші жыл апат еді­ау,
Аштықтан аман қалған бір ғасырсың.
Жас ұрпақ бұл сұмдықты біле жүрсін,
Ата­ана ақталды ғой тілегі шын.
Қазақтың тең жарымы қырылғанда,
Біреудің есен қалған тірнегісің.
Бала едік соғыс жылдар дірдектеген,
Айтуға кей сұмдықты тіл жетпеген.
Соқамен сиыр жеккен бораздада,
Күндер­ай екі көзден мұң кетпеген.
Сақтады Құдай жоқтан от аларды,
Нар етті өңкей жүдеу боталарды.
Қарашы құрдастарға,
Кім сыйламас
Атақты Шерхан, Камал, Шоталарды?!
Маңайын сыйлағандай Құнанбайдың,
Ежелден досы екенсің Тұманбайдың.
Кіршіксіз сүттей таза араларың,
Мен қалай бұл ғажапқа қуанбаймын!
Жетпіс бес – елу де емес, алпыс та емес,
Тірлікте баға жетпес жарқын белес.
Қызық өтті, алдымда не болар деп,
Құрмайық құтты жаспен салқын кеңес.
Қазанат жүк көтердік аруақ жебеп,
Азамат ізіміз бар мұрат демек.
Сұрайтын Жаратқаннан енді бізге
Көз жұмбай серттен таймас қуат керек.

20.10.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрдасқа өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Құрдасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрдасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрдасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері