Қызылжар ескерткіш орнатты – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қызылжар ескерткіш орнатты» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Нар тұлға, еңсегей ер еді,
Металлург лауреат атанған.
Мейірбан мінезі кең еді,
Ерекше көрінген қатардан.
Ар­намыс мол еді ісінде,
Шырқаған биікке шын ғалым.
Тапжылмай тер төгіп, ел білді
КарГУ­ді тамаша құрғанын.
Көшпелі өмірді көрсеткен,
Ұлтжанды есімі нұрланды.
Ол жазды әдеппен қол жеткен
«Атанның қомында туғанды».
Қинады кеңестік заман көп,
Үлкен төр ниеті тарылып.
Жүргенде көмірден мұнайды алам деп,
Кетті оқыс жүрегі жарылып.
Қайтадан паш етті атағың,
Нұрсұлтан биікке жеткенде.
Ол білді биліктің шатағын,
Тірідей түсірген күйікке.
Зор даңқы әлемге жайылды,
Есімі КарГУ­ге берілді.
Пәледен, жаладан айырды,
Өзіндей металлург сенімді.
Зор белгі Ебіней шақ келген,
Тас мүсін Қарағанды сомдапты.
Ал бүгін көшеге ат берген
Қызылжар ескерткіш орнатты.
Болашақ күндерге сенеміз,
Ебеке, еренсің дана дер.
Қарағанды, Қызылжар төрінде
Ел­жұрттың сәлемін ала бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылжар ескерткіш орнатты өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қызылжар ескерткіш орнатты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылжар ескерткіш орнатты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылжар ескерткіш орнатты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері