Көкшетаудың қаласы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Көкшетаудың қаласы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1089
Көкшетаудың қаласы мен даласы,
Қопа көлдің құмқайрақты жағасы;
Бала күнде талай асыр салған жер
Шабыт қозғап жібергенін қарашы.
Қасқыр көріп бұға қалған баладай,
Бұқпа жатыр жан­жағына қарамай.
Беу, ескі дос!
Көтер десем басыңды,
Міз бақпайды, жалт қарауға жарамай.
Жеті жылдық ер балалар мектебін
Тәмамдап ем,
Тентек етіп ерке күн.
Төбелессіз өтпеуші еді үзіліс,
Әр сағатты еске алып сыр шертемін.
Әне, шулы Шағалалы өзені,
Қандай ғажап!
Жар түбінде кезеңі.
Жалаңаяқ ізім жатыр құмдақта,
Дәл көрсетіп балық үйір межені.
Қара мойыл жарқ еткенде жанары,
Шыдай алмас тірі көкірек саналы.
Суға келген көрші қызы телміріп,
Қармақтағы ақмарқаға қарады.
Егделік пен ерке күннің арасы
Алыс екен, көрінбестей шамасы.
Осынау қызды тым ертерек ұзатқан,
Ол да сенсің, Көкшетаудың қаласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетаудың қаласы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көкшетаудың қаласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшетаудың қаласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшетаудың қаласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері