Молшылық

Бұл бетте «Молшылық» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1072
Махамбет шал төгіп кетті отты өлең —
Топырағымда ерлік болып көктеді ол.
Абай аға егіп кетті ойлы өлең —
Қазағымның қасиеті боп сөйледі ол.
Топанына тоғыттырып жер-көкті
Қара нөсер Қасым аға — ол да өтті.
Ілияс еккен ақ бадана сөз дәнін
туған топырақ тал бесік боп тербетті.
О, Молшылық!
Байлық еді бұ неткен —
бал ағады шүмектен,
алтын ақтап жатырмыз біз күрекпен!
Менің дағы халім жақсы,
қызықтады көп адам:
нарттай қызыл нан суырдым табадан.
Ырысым сай еңбегіме, ісіме:
Кем болмайтыны секілді масақ терген кісі де
Миллиард пұт астық берген даладан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Молшылық өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Молшылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Молшылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Молшылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері