Батыр туралы бір-екі сөз – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Батыр туралы бір-екі сөз» атты Сапарғали Бегалин жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2305
Шын ұғып өмір ләззатын
Кең болжап өлім салмағын,
Досына жазған бір хатын
Оқығанда ойға алғаным...
"Қара теңіз толқынынан,
Ялтаның қиян көгінен,
Ізденіп дауа Қырымнан,
Дертіме соның түгінен,
Келіп ем" депті хатында.
"Алысып дертке имей бас,
Уақыт көп қалсаң артымда,
Еске алсын деп жан құрдас.
Жібердім мына суретті,
Гүліне Қырым бөленген,
Суретім сөйлер сан кепті.
Кем болмас сыршыл өлеңнен.
Күн жетсе,- депті,- көріспей
Құрт жеңіп сөнсе өмірім.
Кетем бе сырды бөліспей
Арманмен улап көңілім.
Есіңе сонда аларсың,
Қорқыт боп өткен Батырды,
Сырыма сонда қанарсың,
Жоғалтпа сурет хатымды".
Депті де қойып көп ноқат
Айтыпты досқа бар ойын,
Мағынасы терең, сыры жат
Толтырып сөзбен хат бойын.
Жан достың ұғып сол сырын,
Ағызбай көзден қанды жас,
Ұқпады - ау жүрек сыбырын,
Тірлікке ұсақ болып мас.
Кімді алдатпас бұл өмір,
Тірліктің ұсақ жыбыры,
Ұмытшақ қой бұл көңіл
Еленбес шындық сыбыры.
Сонау үлкен жүрегің,
Өліммен туа алысқан,
Өмір деп ұққан тірегің
Іздеген шарлап алыстан.
Ұстатпай ақыр сүрінтті - ау,
Торабына кеп Торанның
Өмір — шұғыла, үміт — тау
Шыңдарындай Оралдың.
Жатырсың бүгін тынымдап,
Оранып Торан торқасын,
Жазбайсың досқа енді хат,
Енді сен неден қорқасың.
Білем оған өлім жоқ,
Қорқыныш та, қатер де,
Достық та жоқ, көңіл жоқ,
Кім жатса да қай жерде
Қалады да мәңгі ұйықтап,
Күзетіп заман соқпағын,
Тірі адам одан нені ұқпақ,
Ұға алмай мен де тоқтадым.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыр туралы бір-екі сөз өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Батыр туралы бір-екі сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыр туралы бір-екі сөз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батыр туралы бір-екі сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері