Ескерткішім ініме – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ескерткішім ініме» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 775
(Сапарғали Салықовқа)

Тақап қалды сексенге менің жасым,
Жүзге апарар деп жүрмін тегім асыл.
Әттең, дүние­ай, өмірден інім өтіп,
Есік пен төр көрсетті шебін ғасыр.
Қапияда жоғалттым бауырымды,
Ерке өскен, ер мінез дауылымды.
Елден жырақ мен жүрсем, ол қорғады
Шаңырақ пен ардақты ауылымды.
Тірлік көркін кең жерде құрушы еді,
Күрт тоқталды өмірді сүру шебі.
Ұя салған қырандай тау басына,
Жар басында Есілдің тұрушы еді.
Көкірегін жоқ еді буған мұңы,
Қыздан жайлау, бар еді ұлдан шыңы.
Ойда жоқта өмірден өтіп кетті
Шөбересі алтыншы туған жылы.
Қапылыста қақ жолда сүрінгендей,
Өліміңе, Сапаржан, жүрмін сенбей.
Саған ұқсас немерең жарқ еткенде,
Селк етемін сен қайта тірілгендей.
Оқыс қаза адамды қинайды екен,
Сұм ажалға мен сені қимай кетем.
Өлеңменен ескерткіш орнатайын,
Онсыз қайғым жүрекке сыймай кетер.

29.08.2009.
Еңбек, Шал ақын ауылы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескерткішім ініме өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ескерткішім ініме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескерткішім ініме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескерткішім ініме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері