Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1032
Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы,
Бәрінен де ауылымның иісі аңқиды.
Көл шетінде қос аққуға қарасам,
Баяғы біздей төс тақасып балқиды.
Күн төбемде барады жылжып биіктей,
Сұлу қыздың жылуы қоймас сүйінтпей.
Әудем сәтте бұлтқа оранып жоғалды,
Айдалада сағымға кірген киіктей.
Түн де келді.
Жүрегім қайта жырлады,
Тоғайда тоты әсем үні тынбады.
Қызық екен қызыл қайың ішінде
Естілгені қараторғай мұңлы әні.
Бәрі қызық сәті түскен сәлемнің,
Аңсарын таптым жүрекке керек бар емнің.
Сол дәрудің асылын табар сұратпай,
Біздің ауыл кіндігі екен әлемнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері