Не жағады? – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Не жағады?» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Адамға не жағады бұл өмірде?
Айтады ханға сәлем бермейді деп, байып кетсе.
Күнін көре алмайтын бейшара екен дейді,
Жағдайы жоқ танысын егер көрсе.
Ақшасын шашқан жандар да кездеседі,
Амал жоқ байға ұқсағысы келсе енді.
Алайда қазақтың сөзінің жаны бар да,
Үш күндігін ойламаған еркек пен
бір күндігін ойламаған әйелден без,
Айтылмаған бекерге екен бұл сөз.
Үнемшілдік, қанағат керек жанға,
Айтпады ма үлгі етіп жастарға,
Еріншек ,бекер мал шашпақ,
Қасиеттерден аулақ бол деп Абайда.
Жақсы деген жақсы ғой ол қашанда,
Өсек , өтірік, мақтаншақ өте қиын,
Арыла алмас болса егер бойында.
Кішіпейіл, адалдық жарасады адамға.
Ұлық болсаң, кішік бол дейді ата-баба.
Бұл сөздің түсінсең мағынасына,
Дүниеге тойған ешкім жоқ оны да ойла.
Кетер бәрін тастап артына,
Хабар келсе, о,дүниеден алда-жалда.
Мәңгілік ешкім де жоқ бұл жалғанда.
Еске алар ұрпағың мақтанышпен,
Өлмейтұғын артыңда сөзің мен ісің қалса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не жағады? өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Не жағады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не жағады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не жағады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар