Адаммын екі аяқты, періште емен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Адаммын екі аяқты, періште емен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Адаммын екі аяқты, періште емен,
Кезім көп келісіп те, келіспеген.
Асырып айла-күшті қадам сайын,
Жүргем жоқ ие болып жеңіске мен.
Түс көрем елестерден, ояу жүріп,
Әлдилеп көңілімді аяулы үміт.
Жалт еткен сезім жырын ұстай алмай,
Барамын ақыл-ойға бой алдырып.
Жұлдызым жымыңдайды айна көктен,
Күрсінем күндерімді ойлап өткен.
Думанды, жәрмеңкелі сауық-сайран,
Япыр-ау, бүгін бәрі қайда кеткен?
Шыққандай сыртқа теуіп ызғар іштен
Қоштасқым келмейді әлі қыз намыспен.
Беймәлім көшедегі сұлуларға
Қарайтын сияқтымын қызғанышпен.
Білсем де ақиқатты ұраным деп,
Тұйыққа тірелгендей тұрамын көп.
«Мен қандай адаммын, – деп, – ей, адамдар
Тұрады өздеріңнен сұрағым кеп...
Тартады ойлар мені тереңіне,
Тереңнің таңсық едім дерегіне.
Арманым дүниеде болмас еді,
Өмірдің жарасам бір керегіне.
Керексіз өмір сүріп керегі не?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адаммын екі аяқты, періште емен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Адаммын екі аяқты, періште емен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адаммын екі аяқты, періште емен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адаммын екі аяқты, періште емен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері