Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 580
Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.
Қайда достар жанымды жайлау еткен?
Аңғармаймын уақытты жайлап өткен.
Бір өзіме ұқсаған, мінезіме,
Бет қарыған қайда қыс, қайда көктем?
Қыр самалы, тербеген гүлің қайда?
Әр түске еніп жолыңда құбылмай ма?
Маңғазданған мамырдың бұлтын жыртқан
Нөсерлерге дүние жуынбай ма?
Тым-тырыспын, көңілге осы уайым.
Өз-өзімнен дедім бе шошынайын.
Жыр нөсері төбемнен құйшы, кәне,
Ырғағыңа ырғақ боп қосылайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері