Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай,
Ұстатпай жүр уақыт сусып сынаптай.
Құлар жерде саған деген бір сезім
Сүйеп келді мені жерге құлатпай...
Жұлдызым-ау, сенің орның жоғары,
Жоғарыға басталмаған жол әлі.
Жүрек сөзін жеткізуге өзіңе
Өзге сөздер дәрменсіздеу болады.
Әлі талай таңым атар, күн батып,
Сенсіз маған сыйлай алмас жыр бақыт.
«Сүйем» деудің керегі не, жұлдызға
Жұлдыз жүрек тұрғанда өзі тіл қатып...
«Сүйемін» деп қалай айтам ұялмай,
(Адам емес, болдың маған қиялдай).
Өрттей қызыл шапағына шомылдым
Көкжиекке батқан күннің қия алмай...
Өзің жайлы ойға түрлі батамын,
Жерде тұрып жұлдызға тіл қатамын.
Таңғы алауға ұқсатады әйелдер
Өрттей қызыл кешкі күннің, шапағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері