Көргендеймін... мен сені көрмей жүріп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көргендеймін... мен сені көрмей жүріп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Көргендеймін... мен сені көрмей жүріп,
Гүлден нәзік жанымды тербейді үміт.
Ақ сәулеге айналып, алау нұрға,
Тереземнен кіресің таң алдында...
Шығара алмай әуремін сені есімнен,
Сырласамын күбірлеп елесіңмен.
Дәл өзіңше өзге жан мені ұғар ма,
Өмірімнің өзіңсіз мәні бар ма?!
Сүргендейсің бірге өмір меніменен,
Көңілімнен, көзімнен сені көрем.
Жұлдызы ғой елімнің сендей жігіт,
Менің нәзік жанымды тербейді үміт...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері