Мықты болсаң – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Мықты болсаң» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мықты болсаң

Мықты болсаң қолдайды жанашырдай,
Құлап кетсең жоғалар, жаны ашымай.
Екі жүзді адамның бұл өмірде,
Бетпердемен кетеді бағы ашылмай!

Іштарлықпен мына әлем гүлдемейді.
Алда болсаң кімдер кеп күндемейді?
Күшін тайса, қуанып қол соққандар,
Күшті болсаң көре алмай үндемейді.

Білемісің жақпайсың дүйім елге,
Қатар болар қуаныш, күйігіде.
Басқалар не десе о дей берсін,
Бәрібір сен қаласың биігінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мықты болсаң өлеңінің авторы кім?

Ғайникамал Сәдуақасова — осы өлеңнің авторы.

Мықты болсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мықты болсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғайникамал Сәдуақасова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мықты болсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар