Өлең, жыр, ақындар

Көше – ағын, қозғалған ояу қала

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Көше – ағын, қозғалған ояу қала,
Адымдаймын асықпай баяу ғана.
Еске сені салады елестетіп
Біз кездесе беретін аялдама...
Білем, көңіл күйіңді баяндама,
Теңемегін сен мені ай, алмаға.
Кеудемдегі тасыған сезімімді
Төгерімді білмеймін қай арнаға.
Түк сезбейді біз жайлы мынау қала,
Екеумізді тұр бүркеп мұнар ғана.
Пенде болып қаламыз, қиялдағы
Мен – шынар, сен ұқсамай қыранға да...
Қара ағаштың тұрып ап қасына біз,
Өзімізді өзгеден жасырамыз.
Айтарымыз таусылып: «Ал, жақсы!» – деп,
Қоштасуға тезірек асығамыз.
Көше – ағыс, келемін түсімді ойлап,
Сөз астарын өкінем түсінбей қап.
Кешкі күндей өртеніп алаулаймын,
Қимас сезім сәулесі ішімде ойнап...
Ояу өмір айнала, ояу қала,
Жапырақтар билейді баяу ғана.
Осынау бір орта жас, орта жолда
Аялдатпай жүр ме екен аялдама...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Шуылдап көңілімде жасыл орман,
Кеудемді мекен еткен асыл арман.
Қалдым ба жасанам деп сәл кешігіп,
Жүрсің бе жігіт болып тосып алдан.

Толық

Ақ сүт

  • 1
  • 0

Ақ сүт, алғашқы мен емген,
Аналық аспанды көкірек.
Қан тамыр айналған денеден,
Ембеймін сәби боп екі рет...

Толық

Жедел жәрдем

  • 0
  • 0

Жарық шашқан маңдайында алау бар,
Айқайлайды түн ұйқысын қашырып.
Жол беріңдер, жол беріңдер адамдар,
Жедел жәрдем келе жатыр асығып.

Толық

Қарап көріңіз