Жол үстіндегі бейтанысқа – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жол үстіндегі бейтанысқа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 534
Көздерінің тереңіне сыр бүгіп,
Мүлт кетпейтін мергендігін білдіріп.
Жайғасып ап автобустың ішінде,
Әңгіме айтып отыр қызға бір жігіт.
Мақтанады, өзі болып, өзімен,
Ажал исі аңқып кетті сөзінен.
Айтып отыр, қуырдақ қып жегенін,
Атып алып құралайды көзінен.
Жауыздыққа бола ма әлде тіл кедей,
Жанымдағы аң ба, адам ба, кім демей.
Секем алып, селт етпестен, бір жас қыз,
Тыдаған боп, бас изейді үндемей.
Әр сөзіне жүз суынып, мың күйіп,
Көздеріне тыңдағанның мұң құйып.
Сол жігіттің сезбей ме, екен жүрегі,
Қарсы алдында отырғанын бір киік.
Басыма ойлар келіп, кетті не түрлі,
Ызалы күй, ұрып тұрды бетімді.
Ажылдаған автобустың дауысы,
«Жан пида» деп айғай салған секілді.
Ұялғаннан, ұқсап қызыл алмаға,
Қоштасып қыз, «сау бол – деді,- енді аға».
Көз алдыма елестеді сол бір сәт,
Құлан-киік құлап жатқан кең дала.
Жолдар, жолдар өріледі, тарайды,
(Олжаменен өлшейтұғын әр айды)
Киік түгіл, қуырдақ қып сол жігіт,
Дүниені жеп қоярдай қарайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол үстіндегі бейтанысқа өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жол үстіндегі бейтанысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол үстіндегі бейтанысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол үстіндегі бейтанысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері