Қоғадай жүрген иіліп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қоғадай жүрген иіліп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 564
Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.
Кешегі досым қас болған,
Кетуімді аңдыр сәл тайып.
Иемін қайтіп аспаннан,
Айымды туған шалқайып.
Сусыған кездер кездеме,
Жыртылды шулап кең көше.
Иілген кеуде өзгеге,
Шалқайып қалар мен десе.
Аспанға сіңіп даусым бар,
Отымды көржер ұрлаған.
Иілгенімді қалап тау шыңдар,
Шалқайып қарап тұр маған.
Айдыннан аққуды үркітіп,
Шығармай еркін үнімді.
Шалқайған дүние тұр күтіп,
Шалқайып шығар Күнімді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоғадай жүрген иіліп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қоғадай жүрген иіліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоғадай жүрген иіліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоғадай жүрген иіліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері