Мен адамзат пендесінен түңілдім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен адамзат пендесінен түңілдім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 773
Мен адамзат пендесінен түңілдім,
(Жан айнасы, жанарына үңілдім)
Қарасынан жылу таппай, сәулесіз –
Қап-қараңғы бір бұрышқа тығылдым.
Ұмыттым мен, аспан барын, тау барын,
Тауға барып, келсе де бір аунағым.
Бұғып, сырттан үнсіз оғын атқылар,
Көздеріме көрінбейтін жауларым.
Ой домбыра, қос ішегін бос бұрап,
“Алаштардан” ала алмадым дос құрап.
Тырсылдайды, от жаңбырдың астында,
Жанарымнан жас емес бір тас құлап.
Қорқыныштан тілім қалды байланып,
Пендедегі қандай жаман, майдалық.
Теңселемін, от жаңбырдың астында,
Төрткүл дүние, төрт бұрышқа айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен адамзат пендесінен түңілдім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен адамзат пендесінен түңілдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен адамзат пендесінен түңілдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен адамзат пендесінен түңілдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері