Туыстық – тым ыстық – Әкім Ысқақ

Бұл бетте «Туыстық – тым ыстық» атты Әкім Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4257
Алақай! Балақай!
Нұр тұнсын көңілге.
Қуат та, шуақ та,
Бәрі де сенімде!

Ойнайық, тойлайық,
Шаттанып күлейік.
Жар салып, қарсы алып,
Ақ таңда жүрейік.

Достармыз, қостаймыз
Бірлікті бәріміз.
Туыстық – тым ыстық,
Шырқалар әніміз.

Айналам жайнаған,
Баламыз көңілді,
Бақытты, шабытты
Тілейміз өмірді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері