Бұл бетте «Кеме» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүние – кеме теңізді шексіз айналған,
Сапар басы дәмеленер сайраннан.
Айдың нұры теңізді тербеп, тулатса,
Теңселер кеме шыққанша шалғай қайраңнан.
Құбыла-нама жол сілтеп, кеме жүзгенде,
Су бетінде қалмайды белгі ізден де.
Адамзат әмсе келешекке асығар,
Жетер жерден жолаушы күдер үзген бе?!
Соғып дауыл, қираса дүние кемесі,
Көтерер оны жер шарының денесі.
Теңіздің түбі сыр сақтайды мың жылдар,
Алып кеме – мәңгінің бір елесі.
Кетсең суға, ән шырқашы, кемеде,
Өмір деген өткінші емей немене?!
Ән салайын тулап жатқан толқында,
Бесігімде ән тараған денеме!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі