Жалғыздық жыры – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жалғыздық жыры» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1003
Үміт алдап, әурелейді ой алдап,
Ой-қиялды айту қиын баяндап.
Тықылдаған жүрісінен уақыттың,
Ажалыма жақындаймын аяңдап...
Күн күлімдеп, дірілдейді ай аунап,
Айдың нұрын еметіндей ояу бақ.
Көбелектің ғұмырындай ғұмырмен,
Мәңгілікке сапар шегем, жаяулап.
Жоқ нәрсені күтеміз-ау, алдан біз,
Арман жігіт, қайда кеткен арман қыз?
Ай да жалғыз, Күн де жалғыз,
жер жалғыз,
Ешбір жанға ұқсамайтын мен жалғыз...
Жалғыздардың төгіп шашпай ырысын,
Уақыт айтсын, бұрысымен, дұрысын.
Кеудемдегі бір жүректей «жалғыздар»,
Билеп тұрар, дүниенің төрт бұрышын.
Тобырдан топ құрып, иық көтерме,
Арпалыспа, арам тер боп бекерге.
Түнгі аспанның бар жұлдызы жиналып,
Жалғыз күннің жарығына жетер ме?
Жүрген сайын арман тауы биіктеп,
Қарай берем, маңдайыма тиіп көк.
Қолымнен әл, көзімнен нұр тайғандай,
Сетінеген үміт ұшын түйіп көп...
Шексіз сапар! Қайда барып тоқтаймын,
Көп нәрсеге көңілім менің соқпай жүр.
Жаратушы жалғыз құдай жар болып,
Жер бетінің «жалғыздарын» сақтай біл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық жыры өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері