Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1140
Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы,
Бірімізді бірімізге болар ма күн, жалғаушы.
Бүгінгіге кешегінің, ертеңгіге бүгіннің,
Жетер ме еке, жетпес пе екен,
шырқыраған жан дауысы.
Бәрі алдамшы, бір-ақ сәттік, биігім мен еңісім,
Асау көңіл, жасай алмас, тағдырменен келісім.
Алакөзбен адымымды аңдып, қарап үстімнен,
Бөтен біреу өмір сүріп келген екен мен үшін...
Бәрі алдамшы, арман түлкі,
жалған күлкі, бәрі айқын,
Алдайтыны, аңқауларды, жалмайтыны қалай, кім?
Аспанымнан көк тұмандар ашылып күн туар ма –
Мынау жарық дүниеге өз көзіммен қарайтын.
Алдамшы өмір, мен өзіңе алданумен ұрландым,
Ұрланған соң, ұмытылам қабатында жылдардың.
Әлемдегі биіктермен таласатын бой теңеп,
Шың басына алып шығар шын өмірден құр қалдым,
шырмалдым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуаныш та, реніш те, бәрі өтпелі, алдамшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері