Білсең, маған жел емес, дауыл керек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Білсең, маған жел емес, дауыл керек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Білсең, маған жел емес, дауыл керек,
Дауыл ұлын тербетер тауым бөлеп.
Бағынбастан өзінше өмір сүрер,
Қоныстанып тәнімнен жаным бөлек.
Кейде маған нар таудай тірек керек,
Тірегі жоқ гүлге жел жүр өкпелеп.
Арманының таба алмай алтын кілтін,
Қонады екен көңілден жүрек бөлек.
Дауыл сілкіп, ұйысқан кеудемде мұң,
Кеміп бара жатқандай әл-дәрменім.
Арман болып жүректе қалам десең,
Тәнімді емес, жанымды меңгер менің.
Күнім жерге тұрғандай шашпай жарық,
Сезім сенсіз гүлдерін ашпайды анық.
Сүйсем, кімді жүрексіз суып сәтте,
Кеудем менің кетеді тасқа айналып.
Жанартаудай сөнді іште арманым көп,
Арманыммен армансыз шарладым көк.
«Тағы сүй» деп жалынам, өзгені емес,
Өзімді-өзім өтірік алдағым кеп.
Маған кейде өрт-сезім жалын керек,
(Жалын болса, айтарсың «жалынба» деп)
Тас-тәнімді тастап, ақ айдынында
Аққу болып жүзіп жүр жаным бөлек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білсең, маған жел емес, дауыл керек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Білсең, маған жел емес, дауыл керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білсең, маған жел емес, дауыл керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білсең, маған жел емес, дауыл керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері