Керағар
- 0
- 0
Мосқал әйел белгiлi бұл өңiрге,
қайта-қайта жалбарынып тәңiрге,
отырып ап есiгiнiң алдында
ренiшiн айтып отыр өмiрге.
Бұл бетте «Тамшы» атты Есбол Бозан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым)!
Бұлт астында қалды менiң күн, айым.
Жақсы болсын ендi соңы ылайым.
Қалың тұман –
осы ма едi күз деген.
Мұндай күндi таба алмайды iздеген.
Қалың тұман.
Екiндi шақ.
Сөнген сәтi жарықтың.
Менi ой басты салмағындай табыттың.
Көрiп қалдым –
Түспестен биiк өреден
аппақ боп тұрар арманы,
төзiмдiсiңдер не деген
ақындардың жарлары.
Ұқсамайтын бiр күнiне бiр күнi,
есiне алып отыратын iлкiнi,
осы бiр жан үйiнде де, түзде де
сөз өсiрiп, сөз баптайды күн-түнi.
Айша
көп рахмет, ұнады
senbesen
әйбат