Домбыра шанақ жер деген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Домбыра шанақ жер деген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1065
Домбыра шанақ жер деген,
Өрлеген, сазды пернеден.
Биікке қонып бұлбұл құс,
Әнімен көңіл тербеген...
Бәйтерек орман айналам,
«Жақын қон» дейді ай маған.
Бұлбұлдың әні естілмес,
Төменде тұрып сайраған...
Таулардан құлар жайлап таң,
Күн шығар, кезде ай батқан.
Бәйтерек болып туған ел,
Басында бұлбұл сайратқан.
Тамырын жайған жерге емен,
Ұшпасын деп желге өлең.
Бұлбұлға тағдыр үн беріп,
Күрескер жүрек бермеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра шанақ жер деген өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Домбыра шанақ жер деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра шанақ жер деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра шанақ жер деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері