Айданаға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айданаға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 807
Айналайын балапаным Айданам,
Саусағыңды ақ сәуледей жай, маған.
Аңсап барып сүю үшін өзіңді,
Мазасыз бір жер анадай айналам.
Жылдамдатып тірлігімді жай аққан,
Дүниені келе жатыр бояп таң.
Айдана атың тіл ұшына оралып,
Сенің дауысың сезіміңді оятқан.
Дүние күліп қарайтындай, сен күлсең,
Саған деген сағыныш қой, жол-жүрсем.
Бір-бір үйдің мықтыларын әп сәтте-ақ,
Ұрмай соқпай бағындырып, алдың сен.
Ақ сәулешім, несібеңе не қалды,
(Есіміңді күбірледім таң алды)
Сен арқылы есіме алдым, елжіреп,
Немересін сүймей кеткен анамды...
Әлди-әлди, әй-әй бөпем, ай балам,
Ай-әлемін әсем әуен жайлаған.
Айналаңнан ұзап шығып кете алмай,
Айданамды ана-жердей айналам.
Аман болшы, «тілден көзден» Айданам,
Сен жыласаң қабағыма қайғы алам.
Өлмейтұын өмір атты ағаштың.
Бұтағында бұбұлым боп сайраған.
Әлди, әлди, әй-әй бөпем, ай, балам.
Айданам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері